27 сәуір күні №41 мектеп кітапханасында 7 сынып оқушыларына арналған "Чернобыль. Жадты сақтау…» атты еске алу сабағыөтті, сабақ Чернобыль атом электрстанциясындағы апатының 35 жылдығына арналған. Бұл апатт әлемдегі ядролық энергетика тарихындағы ең ірі боп саналады. 1986 жылы 26 сәуірде Чернобыльдағы электростанцияның №4 реакторында жарылыс болып, бірнеше жүздеген жұмысшылар мен өрт сөндірушілер 10 күн бойы өрт сөндіруге тырысты. Әлемді радиацияның бұлты жауып тастады. Содан кейін станцияның 50-ге жуық қызметкері бұл апатта қаза тауып, жүздеген құтқарушылар зардап шекті. Апаттың ауқымын және оның адам денсаулығына әсерін анықтау әлі де қиын, радиацияның дозасының нәтижесінде пайда болған қатерлі ісіктен 4-тен 200 мыңға дейін адам қайтыс болды, олардың арасында қазақстандықтар да бар. Припять және оның айналасындағы аудандар бірнеше ғасыр бойы адамдар үшін қауіпті болады.
Чернобыль апатының 35 жылдығын еске алу сабағы "Чернобыль. Жадты сақтау…»