Дұрыс тамақтану
![Дұрыс тамақтану](/media/img/blogs/6194cc02da3ab.png)
Бүгін № 41 ЖОБМ-да 7 сынып оқушыларына арналған "Дұрыс тамақтану-СӨС негізі" тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинарды Жастар денсаулық орталығының психологы Арыстан Наби өткізді. Ол балаларға тамақтану деген не, дұрыс тамақтанбау не әкелуі мүмкін, дұрыс деп аталу үшін тамақтану қандай болуы керек екендігі туралы айтты. Семинар барысында балалар мен қатысқан педагогтар тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Ватсап чатындағы іс-шарадан кейін балаларға тақырыппен мұқият танысу үшін іс-шараның презентациясы таратылды.