«Оқы» кітап инсталляциясы
![«Оқы» кітап инсталляциясы](/media/img/blogs/6195f7443385a.jpg)
Республикалық «Кітап оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, 16 қарашадан бастап №41 мектептің 3-қабатының рекреациясында «Оқы» кітап инсталляциясы жұмыс істейді. Инсталяцияны құруға 9 "в" сынып оқушылары қатысты. Инсталляцияның негізгі мақсаты оқушыларды оқуға тарту болып табылады, ол оқуды насихаттауда жақсы көмекші болып табылады. Мектептің әрбір оқушы кітап инсталляциясының жанында естелік суретке түсті.