Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Дана басшы – іргелі елдің кепілі" бейне шолуы
30 жыл бұрын 1 желтоқсанда Н.Назарбаев, өз халқына адал қызмет етуге және Қазақстан Республикасы Президентінің өзіне жүктелген міндеттерін адал орындауға ант берді. Ол өз сөзін орындады. Оның ел алдындағы еңбегі үшін,Қазақстан халқы Тұңғыш Президент күнін бекітті. Осы мереке қарсаңында,29-30 қарашада мектеп кітапханасы 1 сынып оқушылары үшін "Дана басшы-іргелі елдің кепілі" атты бейне шолуын өткізді. Оқушылар,Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаянымен, еліміздің табысты дамуында үлкен рөл атқарған,оның саяси және экономикалық бастамаларымен танысты.