«Тәуелсіздік ұланы»
22 желтоқсанда ЖБДО-да Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С.А. Гладышеваның қатысуымен Павлодар қаласының "Тәуелсіздік ұланы" сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. "Тәуелсіздік ұланы" сыйлығын Павлодар облысының әкімдігі дарынды және талантты балаларды қолдау мақсатында тағайындады.
Дарынды жастарды іріктеу төрт номинация бойынша жүргізілді. "Спорттық шеберлік" номинациясында республикалық спорттық-бұқаралық және халықаралық жарыстарда жоғары спорттық жетістіктері мен марапаттары бар 36 оқушы марапатталды. Соны ң ішінде "ДСБ-дағы Павлодар қ. № 41 ЖОББМ" оқушылары Закиева Аделина, Гиниятов Рафаэль және Ермола Кристина болды.
Балаларды жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!