Қазақстан халқының Тілдер күні адамдарды біріктіреді және біздің бірыңғай қазақстандық азаматтық бірегейлігімізді көрсетеді.Оның негізінде – көпұлтты мемлекеттің мемлекеттік тілі мен мәдениеті, ортақ құндылықтар мен жалпықазақстандық патриотизм жатыр. Бұл мереке қазақстандықтарды мемлекеттік қазақ және ана тілдерін құрметтеуге, ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Мереке еліміздің түрлі этностарының тілдері мен дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтеді. 2017 жылдан бастап қазақстандықтар бұл күнді қазақ лингвисті Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орайластырып, ұлы ағартушы, педагог, жазушыны еске ала отырып, 5 қыркүйектен бастап атап өтеді. 5 қыркүйек күні, оқу залының қабырғасында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Адамдар дос болса-тілдер дос болады»атты кітап көрмесінің ашық көрінісі өтті. Көрме материалдары оқырмандарды Қазақстандағы тіл саясатының дамуымен таныстырады. Көрмеге мектеп оқушылары қатысты.
«АДАМДАР ДОС БОЛСА-ТІЛДЕР ДОС БОЛАДЫ» АШЫҚ КІТАП КӨРМЕСІ