«КІТАП-БІЗДІҢ ЕҢ ЖАҚЫН ДОСЫМЫЗ» ПІКІРТАЛАСЫ
9 ақпанкүні,«Оқитын мектеп-оқитың ұлт»республикалық жобасы аясында мектеп кітапханасының қабырғасында,«Кітап-біздің ең жақын досымыз!» атты пікірталас өтті. Пікірталасқа алтыншы сынып оқушыларынан (6" а", 6" г") және жетінші сынып оқушыларынан (7"б", 7"в", 7"г", 7"д") тұратын екі команда қатысты. Қатысушылар пікірсайыс өткізу тәртібімен, сөз сөйлеу регламентімен танысты. Кітаптар мен оқудың пайдасы туралы пікірталас барысында, алтыншы сынып оқушыларының командасы жеңіске жетті. Барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды. Пікірталас іс-шарасын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З. Н. Тулегенова және мектеп кітапханасының меңгерушісі С. М. Жүнісова дайындады.