«Демалыстар педагогикасы - 2011» облыстық семинары
2011 жылғы 13 мамырда № 41 ЖОБМ-да жазғы кезеңде еңбекпен қамтуды, демалу мен сауықтырылуды ұйымдастыру бойынша облыстық семинар өтті.
Семинардың қатысушылары: әдіскерлер, аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің мамандары, мектеп директорларының орынбасарлары, мектеп маңындағы, қаладан тыс лагерлерінің, мектептен тыс мекемелерінің бастықтары болды.
Мектептің педагогикалық ұжымы жазғы кезеңде еңбекпен қамтуды, демалу мен сауықтырылуды ұйымдастыру бойынша мектептің жұмыс жүйесін көрсетті, онда мынадай шебер-сыныптар ұсынылды:
«Бригантина мектеп маңындағы лагерінің жұмыс жүйесі»
«Жазғы кезеңде оқушылардың сауықтыру бағдарламасын іске асыру»
«Олимпиялық резерв мектебі»
Қызығушылықтар бойынша клубтар