«Әбіш оқулары»
024 жылғы 9 қаңтарда 8-11 сынып оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты - Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын насихаттау, оқушылардың шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке, ана тілі мен әдебиетке деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Мектебіміздің атынан 10 сынып оқушысы Сейлғазы Сания «Иллюстрациялық суреттер салу» бағытына қатысып, ІІ орынды иеленді.
Сейлғазы Сания мен оның жетекшісі Маржан Қуандықовна Ахметованы жүлделі орынмен құттықтаймыз! Жеңістер мен биік белестеріңіз көп болсын!