Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бір ел – бір кітап» акциясы
26-09-2011 06:04
«Бір  ел – бір кітап» акциясы

         Қыркүйектің 22-інші жұлдызы күні №41 мектепте 10-сыныптарда Тілдер  күніне қарсаңында  «Бір ел – бір кітап» акциясы мультимедиалық кабинетте өтті.

        «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында биыл көпшілікке Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын оқу ұсынылып отыр.

       Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын көпшілікке оқуға ұсыну шешімі Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың  төрағалығымен өткен «Бір ел - бір кітап» акциясы ұйымдастыру комитетінің отырысында қабылданды.

     Акцияның мақсаты: оқушыларды қазақтың ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру және шығармаларын қазақ тілінде түпнұсқада оқуға шақыру.

      «Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады.

      Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.

    Республика бойынша акцияны ұйымдастырушылар романды ел арасында насихаттауға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Оның аясында Қазақстанның барлық мемлекеттік кітапханаларында романның мәні мен мазмұнын ашатын кездесулер, дөңгелек үстелдер отырыстары, оқу марафондары мен көрмелер, барлығы мыңнан астам шара ұйымдастырылады. Кітап сүйер қауым «Ақбілек» романының электрондық көшірмесін www.kazneb.kz сайтынан ала алады.

     Ашық іс - шараны дайындаған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Негманова Құралай Уахитқызы мен Утенова Бақытгүл Табылды қызы.