Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткізілген тәрбиелік іс-шара.
10-12-2011 07:25
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  20 жылдығы қарсаңында өткізілген тәрбиелік іс-шара.

9 желтоқсанда № 41 мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 9-11 сынып оқушылары арасында «Бірлігі жарасқан Қазақстанға-20 жыл» атты  тәрбиелік іс-шара өтті. Концертті ұйымдастырушы 10 «Б», 9 «Б» сынып оқушылары. Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларда отаншылдық сезімді қалыптастыру, елін туған жерін сүюге баулу. Концерт барысында жоғарғы сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды:

9 «А»- «Жаса Қазақстан!» әнін хормен орындады;

9 «Б»- Абдыкаримова Лейла өз туындысы «Менің Қазақстаным» атты өлеңді оқыды және биші қыздар әсем билерімен таң қалдырды;

9 «В»-Бравко Ксюша қазақша би билеп өнерін көрсетті;

10 «А»- Мусинов Асхат  жаңа үлгідегі биімен көрермендер қошеметіне бөленді;

10 «Б»-Сейфуллина Ақмарал, Муратова Айдана ән шырқады, Толеген Тимур тарихпен байланысты фильм жасады. Жүргізушілер: Смагулов Данияр мен Шарипова Динара  болды. Сыныптың қалған оқушылар әдеби-музыкалық монтажға белсене қатысты.

    Іс-шара 3 турдан тұратын викториналық сұрақтар арқылы қортындыланды. Оған әр сыныптан бір оқушыдан қатысып, білімдерін сынады.