9.10.12 жылы мектептің мәжіліс залында 9-11 сынып оқушылары үшін әскери-патриоттық «Ерлік сабағы» өткізілген еді, осы іс-шарада: дене шынықтыру мен АӘД дамыту аумақтық орталығының директор орынбасары отставкадағы подполковник Т.М.Аленов, әскери-техникалық мектебінің директорыотставкадағы полковникО.Б.Альжанов, Павлодар облысы бойынша қорғаныс істері бойынша басқармасының қызметкерлері, біліктілікті арттыру курсына қатысып жүрген Павлодар облысы бойынша АӘД оқытушы-ұйымдастырушылары қатысты. Осы іс-шарада Әскер ардагерлері өздері мен өздерінің жетістіктері туралы айтумен ғана шектелмей, жас ұрпақтардың өз Отанының нағыз патриоты болуға да үгіттеді. Қорғаныс істері бойынша басқармасының қызметкерлері ҚР Әскери күштері туралы фильм көрсетті, Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы пионер- қаһармандарын үлгіге қойды, Жоғары Әскери оқу орындарына оқуға түсу тәртібі туралы айтты. АӘД оқытушы-ұйымдастырушыларына мектептегі материалдық базасы және пән бойынша құжаттар көрсетілді.
«Ерлік сабағы»