Cеминар-тәжірибе
19 сәуірде № 41 ЖОБМ-да «СӨС қалыптасуда және әлеуметтік-мәнді ауырулардан сақтандыруда білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау мекемелерінің бір-бірімен қарым қатынас жасауы » атты семинар-тәжірибе өтті.
Семинарға денсаулық сақтау мекемелері, қала мен облыс мектептерінің мұғалімдері қатысты. Мектеп мұғалімдері медицина қызметкерлерімен бірігіп іс-шаралар өткізді. Ата-аналарға, тубвираж есебінде тұрған балаларға фтизиатр мен мектеп медбикелерінің кеңесі ұсынылды. 4-сынып оқушыларының арасында «Ауыз қуысының тазалығы» атты ойын түрінде шара ұйымдастырылды. Жүзуден мүсіні кемістеу балалармен түзету жолдары бойынша сабақ көрсетіліп, ата-аналар дәргердің кеңесін тыңдады.