«Біз – әлемнің бір бөлігіміз»
26 маусымда екінші күнді №41 мектеп маңындағы «Бригантина» лагері таңғы жаттығулар жасаумен бастады. Таңертеңгі астан кейін 10 ұл бала № 7мектепке қалалық сайысқа аттанды. Қалған оқушылар тәрбиешілерімен бірге және аға вожатыймен балалар техникалық мектебіне жол тартты. Түске таман № 7 мектептен ұлдарымыз екінші орынға ие болып оралды. Ал техникалық мектепте өз қолдарымен жасаған жұмыстарын әкелді. Балалардың барлығы жеткен жетістіктеріне қатты қуанды!