№41 ЖОБМ-да 3-11- сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиет апталығы өтті. Бұл шараның басты мақсаты оқушылардың мемлекеттік тілге, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне деген қызығушылықтарын ояту арқылы мемлекеттік тілді жақсы меңгерген оқушылардың білім-біліктерін анықтау. Апталық аясында оқушылар әртүрлі сайыстарға қатысты. 3- сыныптар арасында «Тіл – татулық тірегі», 4-сыныптар арасында «Шебердің қолы-ортақ, шешеннің тілі – ортақ», 5-сыныптар арасында «Ертегілер әлемінде», 6-сыныптар арасында «XXІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыстар өткізілді. Үздіктер қатарына: 5 «А» сынып оқушысы Корнилеску Ульяна, 6 «Г» сынып оқушысы Қасқырбай Арман, 7 «А» сынып оқушысы Бахтиярова Сабина, 8 «А» сынып оқушылары Ермукенова Мадина, Морозова Ксения қосылды. 8-сынып оқушылары қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық тағамдар дайындап, оларды қалай әзірлегенін айтып берді. 10-сынып оқушылары «жеті ата», «жеті қазына» деген ұғымдарды түсіндіріп, ұлттық тәрбие жайлы өз пікірлерін айтып, «Тәрбие – отбасынан басталады» деген тақырыпта ой бөлісті.
Апталықтың соңында қорытынды жасалып, оқушылардың мемлекеттік тілге деген жақсы көзқарастарын осындай тамаша іс-шараларға белсене қатысуынан көрдік.