Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қызықты әдеби кеш
25-09-2009 18:00
Қызықты әдеби кеш

Қызықты әдеби кеш

Қыркүйек 25 жұлдызында, біздің №41 мектепте, «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша, қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың лирикалық шығармалары негізінде, 10 «А» және 10 «Б» сыныптарының арасында «Мағжан Жұмабаевтың - лирикасы» атты әдеби кеш өтті. Бұл лирикалық кештің мақсаты: «Бірыңғай Мағжан күні» акциясы шеңберінде - орыс тілді мектептерде қазақтың ақындарының шығармашылығына деген қызығушылықтарын ояту және қазақша өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру болып табылады. Әдеби кеш өте тартымды өтті. Оқушылар Мағжан Жұмабаевтың туған жер, табиғат, ана, қыз-келіншектер, достық, махаббат туралы тақырыптарға жазылған өлеңдерін жатқа оқыды. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан көп тың материалдардан хабардар болды. Сабақта интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып, әр түрлі слайдтар көрді, «Сен сұлу» әнін тыңдап, Мағжанның лирик-сыршыл ақын екендігіне көздері жетті. Кешті ұйымдастырған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Негманова Құралай Уахитқызы, Искакова Рысты Шаймұратқызы, Кабиденова Баян Мүкарамқызы. Осындай кештер жиі болса екен деген тілекпен.

10 «Б» сынып оқушылары: Болтаева Айсұлу,

Бақытбек Ризагүл