2014 жылдың 3-7 қаңтары аралығында Екібастұз қаласында Туристік көпсайыстан «Екібастұз-2014» аймақтық жарыстың ашылуы өткізілді. (таулы туризм техникасы). І кезең – Қазақстан Республикасының Кубогі. Жарысқа Павлодар, Екібастұз, Орал, Астана, Қарағанды, Ақсу қалаларының командалары қатысты.
Қатысушылар жарыста «Жеке-командалық» қашықтықта, «Тізбектік» қашықтықта, «Шыңдық» қашықтықта бәсекеге түсті. Біздің Туристік клубының «Эдельвейс» командасы өте жақсы жинақы түрде шықты. Жеке қашықтықтан І орынды иеленген Антон Романченконы, ІІІ орын иеленген Алёна Рязанованы, «Тізбектік» қашықтықтан І орын иеленген Евгений Волковты және Алёна Рязанованы ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Кубогінің І кезеңі қорытындысы бойынша туристік көпсайыстан біздің команда «Жеңімпаз» атанды. «Эдельвейс» туристік клубын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Клубтың жетекшісі: А.Ю.Реброва.