Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Барлығы білетін кітаптар: анықтамалар, сөздіктер, энциклопедиялар" кітапханалық сабағы
15-03-2014 06:20

    Ақпаратпен сауатты жұмыс жасай білу – әрбіреуіміз үшін қажетті сапа. Іздеу дағдыларын меңгермей,  ақпаратты бағалай, таңдай білу, заманауи өмірге бейімделу қиынға соғады. Оқырмандарға бұл білімді меңгерту – кітапханашының басты міндеті. Сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасай білмесе, ақпаратпен жұмыс жасауға үйрене алмайды.     12 наурыз күні №41 ЖОБМ-да орыс тілі апталығы шеңберінде 5 сынып оқушылары үшін  "Барлығы білетін кітаптар: анықтамалар, сөздіктер, энциклопедиялар" атты кітапханалық сабақ өтті. Іс-шара барысында балалар сөздіктер мен анықтамалардың пайда болу тарихымен, жаңа анықтамалық әдебиеттермен танысты. Барлық ақпараттар слайд түрінде көрсетілді.

    Іс-шараның соңында балаларда анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасай білу дағдыларын көрсетуге мүмкіндік туды. Олар шағын топтарда жұмыс жасай отырып,  әртүрлі тапсырмалар орындады: қанатты сөздердің мағыналарын ашты, екпінді дұрыс қойды, орфографиялық сөздік бойынша жазуды тексерді, шетел сөздерінің мағыналарын іздестірді, С.Ожеговтің түсіндірме сөздігінен сөздердің түсініктерін тапты.

 

                                                              №41 ЖОБМ кітапханашысы: Н.А.Тебенькова