Логикалық тапсырмалар
Бүгін «Болашақ» тобында оқушылар арасында мемлекеттік тілді үйрену бағытында сайыс өткізілді. Оқушылар белсенді тақтамен жұмыс істеп, логикалық тапсырмалар орындады.
- Қалай ойлайсыңдар, «Мемлекеттік тілдің мәртебесі» қандай дәрежеде? Бұл сұраққа жауап беру үшін олар өз ойларын жазып, бір-бірлерімен пікір таласқа түсті. Ең тиімді жауап оқылып, бағаланды. Болашағымыз мемлекеттік тілмен тығыз байланысты екенін, оқушылар толық түсінді.