Шевченко Алена Григорьевна- № 41 ЖОБМ-ның география пәні мұғалімі. Мектепте үшінші жыл қызмет атқарады. 2017 жылғы 24 қаңтарда өзге ұлт өкілдері арасындағы өткен «Тіл-достықтың құралы» атты қалалық сайысының шарықтау мәресінде І орынға ие болды. Байқауға шығармашыл қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері даярлады: Жусупова Г.Ж., Ахметова А.С., Кайдарова Ж.С., Багишева Д.Т. Қолдаушы топ арасында өзінің оқушылары да болды. Қазақ тілін меңгеруді мектеп жасынан қызыға бастады: № 1 ЖОМ оқушысы бола тұра өзге ұлт балалары арасындағы өтетін «Әй, жарайсың!» қалалық жарысына, қазақ тілінде ән орындау бойынша түрлі сайыстарға үнемі қатысатын. Мектепте үштілдік енгізілгеннен бастап, Алена Григорьевна география сабағында мемелекеттік тілдегі терминдер мен тіркестерді қолданады. Өз пәнін жүргізу үшін жас маманға барлық жағдай жасалды. Ол өз білімін ағылшын, қазақ тілдерді меңгерту бойынша үйірмелерге қатысу арқылы жетілдіреді.