Оқушылар сарайы балаларды түрлі үйірмелерге шақырып тосын сый жасады. 24.06.2016 жылы бізді нұсқаушылар құшағын жая қарсы алып кезектен-кезек хореография залына, содан соң вокал студиясына, және сурет салу студияға апарды. Хореография залында біз тәжірибелі жаттықтырушының жетекшілігімен спорттық биді үйреніп алдық. Кейбіреулеріміз бимен шұғылданғандықтан би сабағы қуантты, дегенмен, мың бұралып билеу үшін, әр қимылды дұрыс келтіру үшін көп жаттықтыру керек. Вокал студиясында «Угодай милодию» байқауы өтті. Бізге «Популярная музыка», «Музыка мультфильмов», « Детские песни», «Музыка фильмов и сериалов», «Реклама» деген алты номинация ұсынылды. Алдымен бізді екі топқа бөлді. Барлық номинациялар бойынша өз күшімізді сынау қызық болды. Бірақ бақағанымыз бойынша біз көбінесе танымал және фильмдер музыкасын біледі екенбіз. Сурет сабағында біз балық пен сегізаяқтың суретін бар қиялымызды қосым боядық, содан панно жинадық. Күніміз қызықты және тиімді өтті. Нұсқаушыларға жақсы ұйымшылдықтары үшін алғысымызды білдіреміз.