"Жастар дауысы» дебаттан турнир"
2016 жылғы 12 маусымда Гагарин атындағы мәдени және демалу саябағында «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына «Жастар дауысы» атты дебаттан қалалық турнир өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл іс-шара, «Жас Отан» жастар партиясының филиалымен ұйымдастырылған болатын. Мектебіміздің «Патриот» командасы осы турнирде 3 орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және келешекте сәттілік тілейміз!