2016 жылғы 15 сәуірде Павлодар қ. мұғалімдері арасында 45- спартакиада есебінде Президенттік қашықтық бойынша жарыс өткізілді. Н.К.Рамазанова, О.В.Журавлева, Л.А.Щербакова, Е.Б.Бозтаев, М.М.Шортомбаев, Н.Ж.Капанов, А.С.Аюпов құрамында № 41 мектептің командасы 1600 метр, 2400 метр қашықтыққа жүгіруге қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша ән-күй мұғалімі Н.К.Рамазанова жеке есебінде ІІІ орын иеледі, дене тәрбиесі мұғалімі А.С.Аюпов І орынға ие болды.