Наурыз мейрамының қарсаңында мектепте, оқушылардың патриоттық және толерантты сезімін қалыптастыру мақсатында мерекелі шаралар өткізілді. Балалар барлық іс-шараларға үлкен махаббатпен және қызуғушылықпен жақындап, шараларға белсене қатысты. Осы іс-шаралар балалардың Қазақстан халқының ұлттық әдеп-ғұрыптарына деген қызғушылықты, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады, түрлі ұлт өкілдерін біріктіреді. Оқушылардың мектепке келуінен бастап мерекелі көңіл-күй сезінді, әсіресе мектепті ұлттық әдісте безендірілуі. 1-4 сынып оқушылары арасында той ұйымдастырылды, сыныптар екі ауылға бөлініп, бір-біріне қонаққа серуендеп, бірін-бірі түрлі ұлт өкілдерінің тағамдарынан жайылған мерекелі дастарқанға шақырды, бірақ басты тағам болып наурыз-көже мен бауырсақтар орын алды. Түрлі ұлт өкілдерінің тілдерінде өлең оқылып ән шырқалды. «Қара жорға», «Қамажай» билері тамашаланды. Ұлдар мен қыздар арасында қызықты ойындар ойналды. Ұлдар өз күштерін, шыдамлықтарын, ептілігін паш етті. Қыздар дайын от анасы екендіктерін, үйдің сәнін келтіретіндерін дәлелдеді. Мектепте Наурыз шеңберінде тақырыптық сынып сағаттары өткізілді, онда балалар қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен танысты. «Шаңырақ» орталығы «Әз, Наурыз!» атты мерекелі радиобағдарлама дайындады. 1 қабатта оқушылардың шығармашыл жұмыстарына арналған және «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбына сурет көрмесі ұйымдастырылды. 5-6 сыныптар арасында ұлттық ойындары бойынша жарыстар өткізілді: қазақша күрес, арқан тарту, қыз қуу, асық, тоғыз құмалақ, теңге алу. Балалар күштерін, ептілігін, тапқырлықтарын және татулықтарын көрсете білді. Осы тамаша мерекеге арналған шаралардың барлығы жоғары деңгейде өтті.