2016 жылғы 12-13 наурызда № 26 ЖОМ негізінде тасқа өрмелеу жылдамдығы бойынша қалалық жарыс өткізілді. № 41 ЖОБМ оқушылары барлық жас ерекшелік категориялары бойынша қатысты, сайыстың қорытындысы негізінде 2000-2001 ж.т. жас ерекшелік категориясы бойынша қыздар арасында Алена Рязанова І орынға ие болды. Осы категориясы бойынша бозбалалар арасында Данил Рязанов І орын иегері атанды.