2016 жылғы 12 ақпанда № 41 ЖОБМ-да «Өзін-өзі тану: шығармашылық және махаббат педагогикасы» онкүндіктің жабылуы өтті. Онкүндікті өзін-өзі тану мұғалімдері мен 8 сынып оқушылары жапты. Олар өткізілген шараларға байланысты есеп беріп, балаларды онкүндік барысында қол жеткізген жетістіктермен таныстырды. Оқушылар өз тараптарынан мұғалімдер мен олардың көмекшілерін өздеріне арналып өткізілген қызықты шаралар үшін алғыстарын білдірді.