«Өзін-өзі тану: шығармашылық және махаббат педагогикасы» онкүндікті өткізу туралы ақпарат
2016 жылғы 11 ақпанда № 41 ЖОБМ-да 11 сынып оқушылары арасында «Мен - өз өмірімнің қожайынымын» тақырыбына сауалнама науқаны жүргізілді. Балалар өздерінің болашақтарына байланысты сұрақтарға анонимді түрде жауап берді: мамандықты таңдау, отбасындағы қарым-қатынас. Олар сауалнаманың сұрақтарына қызыға жауап берді, өздеріне тұлға ретінде қатысы бар тақырыптарға ойлана қарады.