«Өзін-өзі тану: шығармашылық және махаббат педагогикасы» онкүндікті өткізу туралы ақпарат
2016 жылдың 2-ші ақпаны күні №41 мектепте «Өзін-өзі тану: Шығармашылық және Махаббат педагогикасы» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталық 8 сыныптардың дайындаған жиынымен басталды. Олар «Өзін-өзі тану» мектеп пәні жөнінде айтып өтті және апталықтың жоспарымен таныстырылды. Оқушылар бұл іс-шараға шын ниеттерімен қатысу үшін атсалысты.