5 ақпан күні біздің мектебіміз есігін айқара ашып,өз қонақжайлығын тағы да көрсете білді.Себебі,бұл күні мектепте қалалық «Әй, жарайсың!» сайысының финалдық туры өтті.Финалдық турға қаланың 14 мектебі қатысты.Бірінші турдың тақырыбы «Алып анадан туады» болса, екінші финалдық тур «Қазақ хандығының 550 жылдығы» тақырыбымен ерекшеленді. Финалда №41 мектебінің «Жарқын жастар» командасы І орын алып,ұстаздары мен команда мүшелері Павлодар қаласының Білім беру бөлімінің дипломымен марапатталды.Өткен оқу жылы біздің мектеп командасы осы сайыстан «Бас жүлде» алып, «Әй, жарайсың!» кубогін иеленді.Биылғы дайындықтары да көрермендер ықыласына бөленіп,өнерлері өте жоғары бағаланды. Осы жолы «Әй, жарайсың!» кубогін 24 мектеп иеленді. Қатысушылар мен оларды бұл сайысқа дайындаған қазақ тілі пәнінің мұғалімдері: Г.Ж.Жүсіпова, А.С.Ахметова,Ж.С.Кайдароваларды құттықтаймыз. Алда әлі де үлкен жеңістер тілейміз!