Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Өркендей бер менің Қазақстаным!»
18-12-2015 05:39
«Өркендей бер менің Қазақстаным!»
IMG_9964 IMG_0048 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - Еліміздің басты мерекесін атап өтуге, өз еліне деген махаббаты және өз елін, халқын мақтан тұту сезімін, өткен қаһармандарды құрметтеу, туған өлкесіне, табиғатына, өтбасына деген махаббат сезімін қалыптастыру үшін Павлодар қ. № 41 ЖОБМ-да арналған шаралар апта бойы өткізілді. Сөйтіп, 12 және 15 желтоқсанда 1-4 мен 5-11 сыныптарға арналған жүзуден, баскетболдан, волейболдан, шахматтан, дойбыдан, тоғыз құмалақтан, ұлттық ойындардан, теннистан «Сәлем Қазақстан» атты ел татулығы фестивалі өткізілді. 3 және 5 сыныптар фестиваль жеңімпаздары болып атанды. Мұнда оқушылардың музыкалық шығармашылықтары, ұлттық киімдері, ұлттық тағамдар мен қол өнерлері, қабырғаүн-қағаздары, мерекеге жаппай қатысушылық пен ата-аналардың қатысулары бағаланды. 9 және 11 желтоқсанда барлық сыныптарда «Өркендей бер менің Қазақстаным!» тақырыбына сынып сағаттар өткізілді. Сынып жетекшілерімен Қазақстан туралы ролик даярланды, балалардың назарына ұлттық ойын ұсынылды, оқушылар Қазақстанның байтақ жерінің байлығы туралы өлеңдер оқып, ән салды. 10 желтоқсанда 9 сыныптар арасында тарих мұғалімдерімен «ҚР Ата Заңы – мемлекеттің негізгі Заңы» тақырыбына сөзталас өткізді. Сөзталас биыл ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толғаны жайлы, әр азамат Негізгі Заңда жазылған құқықтармен ғана емес, сонымен бірге міндеттермен де пайдалана білу керек деген ақпараттан басталды. Жоғары сынып оқушылары топта жұмыс жасай отыра, Ата Заңның материалдарын қолданды, оларды талқылап өз ойларымен бөлісті, өз пікірлерін ортаға салды. Осы күндері мектепте өте қызықты болды. Үзілістер кезінде радиодан ән шырқалды. Фестиваль және спорттық сайыстардың қатысушылары мадақтама мен тәтті сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты шара барысында мектеп ұжымы үшін Павлодар қ. білім бөлімі мен мектеп әкімшілігі тарапынан білім саласында атқарған кіршіксіз жұмысы, өсіп келе жатқан жасөспірім тәрбиесіне қосқан үлестері үшін мектептің үздік қызметкерлеріне алғыс жарияланғаны тосын сый болды. Мектеп директоры Анар Ереновна ізгі ниетін білдіріп, ұжымға денсаулық, татулық, жақсылық пен амандықты тіледі. Тәуелсіздік Күні - ерекше мейрам, ол - әр азаматтың жүрегінде. Ұзақ жасап жайнай бер Отанымыз - Қазақстан Республикасы! Мектептің ТЖ ДО: Ж.Ж.Калиакперова IMG_9972 ??????????????????????????????? ???????????????????????????????