№ 41 ЖОБМ негізінде 28-29 наурыз күні Павлодар қаласының білім алушылары арасында «Белая ладья» шахматы бойынша командалық біріншілігі өтті. Турнир білім алушылардың арасында шахматты тек танымал қылдыруды ғана мақсат етпейді, сонымен қатар үздік спортшыларды анықтап, және оларға өз қабілеттерін дамытуға көмек көрсету.
Салтанатты ашылуына халықаралық гроссмейстер, шахмат бойынша спорт шебері - Сулейменов Алишер қатысты.
Жарысқа 1-4 сыныптардың (1+1) және 5-6 сыныптардың ұлдары мен қыздары (1+1) қатыстырылды. Турнир ҚР шахмат федерациясының нақты ережесі бойынша жүргізілді. Біріншілікке жалпы 36 тәрбиенушілер мен № 18,№ 12,№ 40,№ 30,№ 2,№ 6,№ 41,Стикс және ЖЖОМ мектептердің бапкерлері қатысты.
Екікүнділік турдан кейін, келесі жеңімпаздар анықталды:
1-4 сыныптар арасында:
І орын- ЖЖОМ
ІІ орын - № 41 ЖОБМ
ІІІ орын № 40 ЖОМ және № 2 ЖОМ.
5-6 сыныптарда:
І орын - № 2 ЖОМ
ІІ орын –№ 18 ЖОМ
ІІІ орын –№ 40 ЖОМ
Шарықтау мәресі сәуірдің 07-08 күні № 25 ЖОМ-да өтеді. Сәттілік тілейміз!
Қалалық «Белая ладья» атты шахмат біріншілігі.