2017 жылғы маусымның 5-нен маусымның 8-не дейінгі кезең аралықта Петропавл қаласында «Мен-Чемпионмын» атты ойынның шарықтау шегі өтті. Павлодар облысы атынан № 41 ЖОБМ-ның «Рекорд» атты командасы шықты. Жарысқа барлық аймақтың 16 командасы қатысты. Сайыстың бірінші күннен кейін жалпы 8 команда қалды. Біздің команда жартылай финалда Алматы облысының «Сокол» атты командасымен кездесті. Ойын барысында «Рекорд» командасы қарсыласын екі рет жеңген болатын. Скейт, арқан тарту эстафетасында бізге теңелетіндер болған жоқ. Дегенмен қорытынды эстафетада «Рекорд» командасы жартылай финалдағы орынға бір секундпен ұтылды. Республикалық жарыстың қорытындысы бойынша № 41 ЖОБМ-ның оқушылары жоғары көрсеткіш көрсеткендері үшін Қазақстан Республикасы Білім беру министірлігінің дипломдарымен марапатталды. «Кезеңнің үздік бапкері» номинациясында дене тәрбиесі мұғалімі А.С.Аюпов марапатталды.
"Мен- Чемпионмын» атты Республикалық телевизиялық ойын"