Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне Астанаға жол жүру
11-07-2017 14:11
Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне Астанаға жол жүру

Біздің астанамызға алғаш рет барып, мен көргенімнен мәз болып жақсы көңіл күймен қайттым. Осы тамаша қаламен алғаш танысуым мені керемет көңілге баулады.
Павлодар қ. жалпы 100 бала және 7 жетекші жол жүрді.
Осы біздің жол жүруімізде жетектегендер: Бибигуль Кайсиновна Заирова, медбике және «Саят-Павлодар» турфирманың өкілі. 

Орынға келгеннен кейін, алдымен бізді тамақтандырып және жолдан кейін демалып алуға мұрша берілді. Кейін біз автобуспен Астана қаласы бойынша экскурсияға шықтық.
Алынған ақпараттан мені, астанамыздың 2 шеңберге бөлінгені таң қалдырды. Біріншісі – ескі Астана, екіншісі – жаңа Астана. Сонымен бірге қала көрнекі жерлерге толы екендігін айтпасқа болмас.


 Әрине астанамыздың басты көрнекілік жері ретінде осы жылғы мамандырылған халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі болып табылады.
ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы – "Болашақ қуаты" – ғаламшарға күннен күнге әсерін тигізетін, қуатты пайдалану мәселесі халықаралық қоғамдастықтың алаңдауын байқатты.

 2017 жылғы мамандырылған дүние жүзі көрмесінде қатысушы мемлекеттер тарапынан қуат көзін қолдану саласында болашағы мен жетістіктері және сонымен бірге ерекшелігі ұсынылды, яғни экологиялық тазалығы, пайдаланудың төмен бағамен болуы және қоршаған орта үшін зиян болмауы.
Қазақстан үшін «EXPO-2017» заңды шара болып табылды: бұдан бұрын Орта-Азия аймағында және СНГ бойынша осы көлемде халықаралық көрмелер ұйымдастырылмаған еді.
EXPO-2017 көрме кешеңнің жалпы көлемі зор.
Біз Қазақстанның ұлттық павильоны «Нұрәлем», халықаралық тақырыптық павильондарына бардық. Қазақстанмен алғаш танысуымыз ландшафті, мәдениеті, тарихы, Қазақстанның осы шағы мен болашағы болды. «Созидательная энергия» алаңында «жасыл экономика» бойынша отан ғалымдарымыздың үздік жобалары көрсетілді.
Көрменің басты объектісі «Бағдаршам» болып табылды, онда энергетиканың бағыты көрсетілген болатын – ғарыш, күн, жел, су. Соңғы деңгейде бізге болашақ Астанамыздың 2050 жылы болатын күйін көрсетті.
Сонымен қатар біз Африка мен Тайланд мемлекеттерінің павильондарын тамашаладық.
Қазақстан Республикасының осындай маңызды іс-шарасна қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Өз елімізді мақтан тұтамыз және Павлодар облыс әкімі Б.Ж.Бакауовқа бізге тегін экскурсияны ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.

Павлодар қ. № 41 ЖОБМ-ның 8 «Б» сынып оқушысы Печень Диана.