«Алғашқы қоңырау-2010»
![«Алғашқы қоңырау-2010»](/media/img/blogs/news_7173.jpg)
«Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім,
Мектеп, мектеп шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп ана болып көріндің.»
Бүгін біздің №41 мектепте - үлкен мереке. Ол - алғашқы қоңырау. Әсіресе 11 сынып оқушыларының жүректері лүпілдеп тұр. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндер бүгінде жайқалып өсіп, «Жас түлек» атануға қадам басуда. Оларға алғашқы қоңырау соңғы рет соғылды.
«Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ»- деп елбасы айтқандай, менің де ұстаз ретінде тілерім: сапалы білім алып, өмірден өз орындарыңды табыңдар.
11 «Б» сынып жетекшісі
Негманова Құралай Уахитқызы