Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Адрес: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Біз тәуелсізбіз,дербеспіз!»
15-12-2017 06:04
«Біз тәуелсізбіз,дербеспіз!»

15 желтоқсан күні № 41 ЖОБМ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған «Біз тәуелсізбіз,дербеспіз!» атты салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шараны құттықтау сөзімен мектеп директоры А.Е.Солтанбекова ашты, және Тәуелсіздік күні – заманауи Қазақстанның басты мемлекеттік мерекесі деп белгіледі. Ол жаңа және тәуелсіз елдің – Қазақстан Республикасының туғанын білдірді. Осы мереке расымен еліміздің тәуелсіз және дербес екендігін білдіреді. Осы жылдар ішінде Қазақстанның халқы демократиялық, құқықтық және экономикалық тұрғыдан тәуелсіз мемлекет қалыптастыра алды. Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі қосқан үлесі үшін, білім беру ісінде мінсіз атқарған жұмысы үшін павлодар қаласының білім беру бөлімі мен Павлодар облысының білім беру басқармасы тарапынан үздік қызметкерлердің алғыс хатпен марапатталуы мерекенің тосын сыйы болды.

Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен жалғасты. Концерттің әрбір қатысушысы Отанға деген жан жылуын, махаббатын әндер мен билерінде, музыкалық аспаптарымен білдіруге тырысты: кларнетпен, флейтамен, гитарамен. Ешкім назардан тыс қалған жоқ. Әр бір өздігінен ойлап шығарған көркем шығармашылықтары тәрбиелік мәнде болды. Қысқа мерзімді уақытта олар мемлекетіміздің тарихи оқиғасын жаңғырта алды. Мерекелі концерт «Тіл достықтың құралы», «Мың бала» қалалық және облыстық байқауларының жүлдегерлері - А.Г.Шевченконың, К.Сидоруктың және У.Коноплеваның орындауында «Тек алға!» әні шырқалды.
Мектептің хореографі Г.Д.Камалдың хореографиялық қойылымдарын белгілеуге болады. Әсіресе «Жұлдыз» атты шағын орталық тәрбиенушілерінің қойылымы үлкен әсер етті.
Тәуелсіздік күні –Қазақстанның әр бір азаматтың жүрегінде. Біздің еліміз әрі қарай өсіп, гүлдене берсін!