10 ақпан 2018 жылы Павлодар қаласының № 41 орта мектебінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Тәрбие және білім” бөлімі аясында іс-шара өткізілді. Іс -шара 5 “Ә” сынып оқушыларының “Өлке тарихы” факультатив курсының “Қазақ халқының рухани мәдениеті” тақырыбына сәйкес жүргізілді. Шараны Павлодар қаласының “Майра Шамсутдинова атындағы ән-шығармашылық мұражайының басшысы Рахимов Ерлан Олжайұлы жүргізді.
Ол қазақ музыкасының ерекшеліктері,соның ішінде Павлодар өңірінде қолданылған музыкалық аспаптар жайлы,музыканың маңызы туралы баяндады. Ерлан Олжайұлы музыка саласындағы Павлодар өлкесінен шыққан өнер майталмандары туралы мәліметтер берді.
Сабақ өте қызықты өтті, өйткені ол өзімен бірге музыкалық аспаптарды әкелді.Олар жайлы қызықты тарихи әңгімелер айтып, бірнеше аспаптарда еркін ойнады. Оқушылар да өз таланттарын сынап көрді.Олардың музыкалық ерекшеліктерін тексерді.
Шара соңында Ерлан Олжайұлы домбырамен өлең айтты.
“Рухани жаңғыру”