Ал маған бір жеңіс керек!
2018 жылғы ақпанның 18-і Ж. Мейрамгалиевқа арналған «Самбо» бойынша қалалық ашық турнирі жүргізілді. Павлодар қаласы № 41 мектептің 5 «Ә» сынып оқушысы Есенгали Дәулет І орынға ие болды!
Ол самбодан үздік нәтиже көрсетіп ең жас және болашағы бар спортшы ретінде алтын медальмен марапатталды.
Даулет самбомен Павлодар қаласының № 1 БЖСМ-да 3 жыл шынығып жүр. Ол қалалық және облыстық жарыстарға қатысты, бірнеше мәрте жеңімпаз атанды. Түрлі дәрежедегі медальдар мен наградалардың иегері. Сонымен қатар ол жүзу мен футболды жақсы көреді. Жалпымектептік іс-шараларға белсенді қатысады, тамаша ән шырқайды.
Біз жас самбошыны құттықтаймыз және болашақта спорт пен оқуда сәттілік тілейміз.