Павлодар облысы білім беру басқармасымен наурыздың 16-сы М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында ұстаздар мен білім ізденушілер арасында «Алтын микрафон» облыстық байқауының дебюті өтті.
Сайысқа қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білген 18 бен 25 жас аралығындағы барлық қалаушылар қатысты, сонымен бірге жоғары оқу орындардың білім ізденушілері мен облысымыздың мектептен тыс мекемелер мен жлпы орта білім беру мектептердің ұстаздары да қатысты.
Осы байқаудың мақсаты:
Облысымыздың педагогикалық кадрлардың шығармашылық қабілеттерін іске асыру үшін жағдай жасау;
- Байқаудың қатысушылары арасында тәжірибемен алмасу мен шығармашылық тұрғыдан қарым-қатынас жасау үшін орта құру;
- заманауи бағыттар мен актерлік шеберлікте қызығушылықтарын анықтау;
- облыстық және республикалық іс-шараларды өткізу үшін дарынды, шығармашыл, болашағы бар қатысушыларды анықтау.
Сайыста Павлодар қаласының № 41 ЖОБМ намысын география мұғалімі Шевченко Алена Григорьевна қорғады. Ол қалалық және облыстық «Тіл-достықтың құралы» сайысының жеңімпазы -І орын иегері, жылсайын қалалық «Урок будущего» байқауыгның жеңімпазы – І, ІІ орын иегері. Тамыз мәжілісінде -2018 Алена Григорьевна «Үздік баяндама» үшін Павлодар қаласының білім беру бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.
«Алтын микрофон» байқауында ол ІІ орынға ие болды!
Біз оны құттықтап келешекте сәттілік тілейміз.