Тағы да жеңісімен!
23-26 наурыз күні Қарағанды қаласында ҚР ТҚА (тірек қозғалыс аппараты) бұзылған және көру қабілетінен мүгедек спортшылар арасында жүзуден жыл сайын өтетін чемпионат өтті. Павлодар облысының намысын № 41мектебінің спортсмен – оқушысы Щепов Иван қорғады. Иван 100% нәтиже көрсетті: 3 қашықтықта- 3 медаль, оның ішінде бір алтын және екі күміс. Сонымен қатар Иван барлық қашықтықты жеке рекордымен жүзіп өтті, 2 қашықтықта 100 брасс және 400 еркін стиль, спорт шеберінің нормативтерінен асып, сонысын растап шықты.
Бір фактыны айта кетер болсақ, берілген чемпионат 18 және одан жас спортшылар арасында өткізілді. Ал Иван болса 12 жаста. Жас жеңімпаздың жаттықтырушысы - Морозов Артем Александрович.