Қазақ тілінің бірыңғай күні
![Қазақ тілінің бірыңғай күні](/media/img/blogs/5ad56c43005c4.jpg)
Бүгін барлық қалалық мектептерде Қазақ тілінің бірыңғай күні өткізілді.№ 41 ЖОББМ-нің жоғарғы сынып оқушылары «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» атты радиохабар дайындап өткізді. Оқушылар мектеп кітапханасымен бірігіп, «Тіл – әр халықтың байлығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. 7 сыныптар арасында «Тіл – біздің тұтастығымыз» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мемлекеттік тілді білу мақсатында 5 сынып оқушылары арасында «Тіл – халық мұрасы» интеллектуалдық ойыны өтті.
Балалар мемлекеттік тілді қандай дәрежеде білетіндерін өз білімдерімен көрсетті.