Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық семинар-кеңес
22-11-2010 18:00
Республикалық семинар-кеңес

Республикалық семинар-кеңес

2010 жылдың 17-18 қараша күндері Қарағанды қаласында, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың сапасын арттыру мәселелеріне арналған Республикалық семинар- кеңес өтті.

Республикалық семинар-кеңеске Қазақстанның барлық облыстарынан қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, әдіскерлері қатысты. Біздің Павлодар облысынан қатысқандар:

- Махадил Зауреш Шахмарданқызы – облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының әдіскері

- Негманова Құралай Уахитқызы- Павлодар қаласының №41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

3. Айтбаева Ләззат Жалельдинқызы –дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

2010 жылдың 17 қарашасында ПЛЕНАРЛЫҚ мәжіліс Қарағанды қаласының № 92 гимназиясында өтті.

• Республикалық семинар – кеңесті Қарағанды облыстық білім басқармасының бастығы Есенғазы Нұртөлеуұлы Иманғалиев ашты;

• Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілі Роза Мұхамеджанқызы Баттал - Қазақстан Республикасы жалпы білім беру саласында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту жайына баяндама жасады;

• Филология ғылымының докторы Абай атындағы Қаз.ҰПУ-дің профессоры, оқулықтар авторы Фаузия Шәмсияқызы Оразбаева –мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту жүйесінің басты ұстанымдарына тоқталды;

• ЕҚЫҰ-ның сарапшысы Татьяна Петровна Стоянова (эксперт по вопросам образования ВКНМ ОБСЕ, Республика Молдова) –тілді меңгерудің деңгейлік жүйесі және көптілді білім берудің негізіне тоқталды. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда деңгейлеп оқыту технологиясын меңгертуге арналған тренинг өткізді;

• Мектепте қазақ әдебиетін оқытуды тұлға дамуына бағыттау туралы баяндама жасаған –Қар.МУ-дің профессоры Жандос Қожақметұлы Смағұлов;

• Халқаралық «КАТЕV» қорының маманы, оқулықтар авторы Қанат Ибрагимов – мемлекеттік тілді оқытуда ұлттық құндылықтар мен шетелдік тіл үйрету әдістерін ұштастырудың ұтымды жолдарына тоқталды.

2010 жылдың 18 қарашасында өткен СЕКЦИЯЛЫҚ мәжілістің тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы инновациялық ізденістер»

Ашық сабақтар мен іс-шаралар көрсеткен білім ордалара:

• Н.Нұрмұқанов атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернат

• №38 гимназия

• «Мұрагер» мектеп-интернаты

• Қарағанды қаласындағы КТЛ

Республикалық семинар-кеңес «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мазмұнын жетілдіру мәселелері» атты дөңгелек үстелмен тұжырымдалды.

№41 мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Құралай Уахитқызы Негманова