Менің бірінші кітапшам!
Павлодар қаласының №41 мектебінің кітапханасы 22-24 қазан күндері 3-4 сыныптарға арналған "Менің бірінші кітапшам" атты әдеби сағат өткізді. Әдеби сағатта оқушылар алғашқы оқыған кітаптарын еске алды. Бірінші оқыған кітап туралы өз әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ, біздің мектеп педагогтарының оқыған кітаптарын көрді. Әдеби кешке оқушылардың ата-аналары қатысты, олар оқыған кітаптарының олардың өміріне әсері туралы айтты. Сонымен қатар балалар кітапты не үшін оқу керек екенін, жүйелі оқудың пайдасы туралы білді. Кітапханашылар балаларды кітапхананың жаңа кітаптарымен таныстырды. Әдеби сағат "Қандай кітапта екенін тап" және "Қандай мультфильм екенін тап" конкурстарымен аяқталды.