№ 41 ЖОБМ-да Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар онкүндігінің ашылу салтанаты өтті:
21 қарашада № 41 ЖОБМ тарих мұғалімі О. С. Авдеюк 11 "А" сынып оқушыларымен бірге "Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті" атты брифинг өткізді. Ол ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә Назарбаевтың қызметі туралы оқушылардың ой-өрісін кеңейту - тұрақтылық, келісім кепілі, ұлтаралық бірлікті нығайту, ҚР Президентіне құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Кіріспе сөзден кейін және Президенттің өмірбаянымен танысқаннан кейін балаларға "Президент туралы 35 ғажайып факт" бейне - роликті көру ұсынылды. Шара барысында балалар Президенттің өмірбаянымен танысып, оның отбасы туралы көп мәлімет алды,фотоматериалдар мен видео материалдарды көрді. Біздің мектепте Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген барлық іс-шаралар оқушылардың бойында азаматтық патриотизмді қалыптастыруға, Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяндық білімін кеңейтуге, өз елі мен Президенті үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал етті.
"Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті»