Президент күніне арналған Декада аясында мектепте жоспарға сәйкес тәрбиелік шаралар өткізілуде. Қарашаның 20-нан желтоқсанның 01-не дейін 1-11 сыныптар арасында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі өз оқырмандарын күтуде.
Бүгін мектепте «Ғасырдың ғажап азаматы» атты «Шаңырақ» орталығы дайындаған радиобағдарлама өтті.
Апта бойы сынып сағаттары кестесіне сәйкес барлық сыныптарда «Президент Республики Казахстан», «Лидер нации Нурсултан Абишевич Назарбаев», «Біздің Елбасы», «Наш президент с удивительной судьбой» , «Қазақстан Республикасының Президенті», «Президент и народ»,«Тәуелсіз елдің тірегі» тақырыптарына сынып сағаттары өткізілуде.
Сынып жетекшілері тарапынан Президент жайлы презентация мен ақпарат әзірленді: өмірбаяны, Елбасының өмірлік жолы және жеткен жетістігі туралы.
28 қараша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ахметова А.С. мен Ахметова М.К. 5-6 қазақ сыныптарында «Елбасы-елімнің тірегі» атта ашық іс-шара өткізеді.
Қарашаның 29-ы күні қазақ тілі мұғалімдері тарапынан 5-6 сынып оқушылары арасында «Менің Қазақстаным»» тақырыптарына мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылады.
Қарашаның 30-ы мектеп кітапханашысыЖунусова С.М. 1 сынып оқушыларына арналған «Президент-опора страны» атты ауызша журнал жүргізілді.
«Ғасырдың ғажап азаматы»