02.02.2019 жылы Павлодар қаласының № 41 ЖОБМ - да "Цифровизация: "қолдаймыз" және "қарсы" - проблеманы шешудің оңтайлы жолдарын іздеу"тақырыбына педкеңес өтті. Негізгі баяндамамен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ж. Калиакперова сөз сөйледі. Педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісті: - География сабағында АКТ қолдану –география мұғалімі А. Г. Шевченко; Биология сабағында цифрлық зертхананы қолдану – биология мұғалімі А. К. Сарсекеева. Әрбір сөз сөйлеу барысында педагогтар нақты практикалық тапсырмаларды орындады. Цифрлық білім беруге толық ауқымды көшуді іске асыру кезіндегі перспективалар мен мүмкін болатын қиындықтар талқыланды. Ең бастысы, ұжым жігерлендіріліп, осы жұмысқа қосылуға дайын болды. |
Педкеңестің соңында әріптестер қызықты баяндамалары үшін барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, бір-біріне жаңа кәсіби жетістіктер тіледі.