География үйіне саяхат
26 ақпанда 5 "Д" сынып оқушылары Павлодарлық География үйіне барды. Оқушылар Азия, Африка жəне Еуропа елдерінен келген музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар, ұлттық костюмдерді қамтитын этнографиялық жинақпен танысты. Балалар тарих, география, музыка, көркем еңбек сабақтарында оқу үшін пайдалы болатын ақпарат алды.