«Әлемнің Үздік Мұғалімдері!»
Ұстаздар күні – білім саласында қызмет ететін барша тұлғалардың кәсіби мейрамы. Сондықтан біздің мектепте де Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз-ұлы тұлға!» атты мерекелік концерт өтті.
Мектепте мерекелі атмосфера сезілді: фойе мен мәжіліс залы салтанатты безендірілген. 111 сыныптың оқушылары қонақтарды кіреберісте шарларын қолдарына ұстап қарсы алды. Таңертеңнен бастап музыка мен балалардың құттықтау сөздері естілді.
Мерекенің қонақтары: педагогика еңбегінің ардагерлері, ұстаздар және тәрбиешілер әдемі безендірілген залда жиналды.
Мерекелі концертті «Школа-страна открытия» атты әнімен ашты.Музыка жетекшісі Таропчанина И.Н. және мектеп хореографы Қараша Н.Е. дайындаған әндер мен билер баршанын көңілінен шықты.. Жүргізушілер де бұрыннан қызмет атқарып келе жатқан мұғалімдер жайлы да ұмытпады. Орыс тілімен қатар қазақ тілін де жетік меңгерген жүргізушілері Терешок Егор мен Суханов Никита ,ұстаздарымыз Аюпов А.С. және Сарсекеева А.Қ. осы іс-шараны ерекше түрлендірді. Іс-шара көңілді өтті.
Барлық ұстаздар мен қонақтар оқушылардың көрсеткен өнерлеріне разы болды. Осы өткен кездесуден барлығы жақсы әсерге ие болды, дегенмен бұл кездесу соңғы емес, осы мектепте әлі талай өтетін концерттер бар!