11 наурызда,сәрсенбіде, № 41 мектебімізде дәстүрлі түрінде «Мемлекеттік тілде сөйлейік» акциясы өткізілді.Бұл шараның мақсаты-мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру,қолдану аясын кеңейту,туған жеріне деген патриоттық санасын ояту,ұйымшылдыққа,мейірімділікке,табиғатын,ұлы тұлғаларын құрметтеуге тәрбиелеу.
Бұл күні барлығы мектепте қарым-қатынас барысында тек мемлекеттік тілінде сөйлесуге тырысады.
Ал екінші ауысымда оқитын 3В, 3Г-сынып оқушылар арасында «Жыл мезгілдері туралы не білесің ?» атты тіл шарасы өткізілді .Шара сайыс арқылы 5 турдан құрылған. Әр сыныптан 10 оқушы қатысты,бірақ басқаларында да сайыстарға белсене қатысуға мүмкіндіктері болды.
Үшінші сынып оқушылары Абайдың жыл мезгілдері туралы жазған өлеңдерінен үзінді жатқа айтты,жұмбақтардың жауабын 3 тілде шешті, берілген мақал-мәтелдерді оқып, аударды және қазақтың ұлы тұлғалары:
Абай Құнанбаев,Ы.Алтынсарин,Д.Нұрпейісова,Ә.Қастеев,Б.Момышұлы туралы білгендерін айтуға тырысты.
Барлық белсене қатысушыларсайыстардан сүрінбей өткен үшін сыйлықтарға ие болды.Оқушылар бұл өткізілген шараға дәнриза болды.
- Искакова Р.Ш.