Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Естай» атындағы мәдениет үйінде - халықаралық «Жұлдызға қадам» атты байқау сайысы өтті.
14-03-2022 08:22
«Естай» атындағы мәдениет үйінде - халықаралық «Жұлдызға қадам» атты  байқау сайысы өтті.
Павлодар қаласында наурыз айының 12 жұлдызы күні  қалалық «Естай» атындағы мәдениет үйінде - халықаралық «Жұлдызға қадам» атты  байқау сайысы өтті. Сайыс төрт номинация бойынша болды, атап айтсақ- би, актерлік шеберлік, ән салу және аспапта ойнау.  Біздің мектептің оқушылары «Ақжелең» кіші домбырашылар тобы   2 А сыныбынан – Аманжол Айзада, Ақтай Нұрсая. 3А- Гадас Аружан, Касенова Адия, Қуаныш Ақбаян, Ордабаева Жания, Раимбекова Томирис, Саттарова Салима,Төлеген Аяна -  аспапта ойнау номинациясында - II жүлделі орынға иеленіп, әр бала диплом және медальмен марапатталды. 
«Сарыарқа» тобы- 5 А сынып оқушылары Беккожина Айнұр, Исадинова Милана, Жолдасбек Айсана, Рахат Мақсат, 7А сынып оқушысы  Абаев Арман –  I жүлделі орынға иеленіп, дипломдар мен медальдармен марапаттанып, Турция,Ташкент қалаларында, Иссык-көл жағалауында өтетін халықаралық сайыстарға қатысу үшін тегін сертификатқа ие болды. Екі топтың жетекшісі-Ибраева Айгуль Адылхановна алғыс хатпен марапатталды.