Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
4 қаңтарда М.Әуезов атындағы мектепте әдістемелік кеңес отырысында «Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасы» талқыланды.
05-01-2023 08:38

Әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері, мектеп әкімшілігі мектеп қызметінің басым бағыттарымен танысты:
- қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу;
- білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту;
- балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, баланың қауіпсіз тіршілік ету жағдайларын қамтамасыз ету;
- педагогтардың кәсіби және мәдени қорын көбейту;
- дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау жөніндегі жұмысты жетілдіру;
- инклюзивті білім беруді дамыту.

Педагогтарды аттестаттаудан өткізу ережелеріндегі өзгерістермен таныстыру, педагогикалық өтілі 30 және одан да көп жыл бар мұғалімдер Ұлттық біліктілік тестілеуден босатылды.

2022-2023 оқу жылының 1-жартыжылдығындағы рейтинг қорытындысы бойынша әрбір БҒМ мұғалімдерінің нәтижелілігі көрсетілді.

Отырысқа магистр академиялық дәрежесі бар 12 мұғалім шақырылып, олармен зерттеу және жобалау қызметіне, арнайы курстардың авторлық бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге, ғылыми жобалар бойынша мұғалімдер мен оқушыларға кеңес беруге белсенді қатысу мүмкіндіктері талқыланды.